10/12/2019  Сейсенбі
Мекен жайы:
Павлодар қ., Кривенко к., 25 №730 каб.
+7 (7182) 30 12 95
otdkultpvl@yandex.kz

2019 жылғы 29 мамырда «Колос» БМОСО үлкен залында жыл сайынғы қалалық «Абай оқулары» конкурсы өтті. Оған мектеп және мектепге дейінгі мекемелер мұғалімдері, колледждер мен университет студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны - 12. Көрермендер үшін конкурстың қазылар алқасы ұсынылды: Әсенов Даниял Сабырұлы, Есмұқанов Мейрамғали Қайроллаұлы, Шолпан Байғалы.

Конкурс 4 кезеңнен тұрды:

Абайдың өлеңдерін жатқа оқу

Абайдың «Қара сөздерін» жатқа оқу

Абайдың әндерін орындау

Абайдың өзге тілдерге аударылған өлеңдерін жатқа оқу

«Әнді сүйсең, менше сүй» аталымында Балпанова Маждия жеңімпаз атанып, кубокпен және алғыс хатпен марапатталды.

«Көңілім әнді ұғасың» аталымында Штенгауер Карина жеңімпаз атанып, кубокпен және алғыс хатпен марапатталды.

III орынға ие болған Гросс Оттилья, смарт сағатымен және алғыс хатпен марапатталды.

IIорынға ие болған Гайдар Анна, смарт сағатымен және алғыс хатпен марапатталды.

Iорынға ие болған Шакирова Алена, смарт сағатымен және алғыс хатпен марапатталды.

 

Карта

Ауа райы