05/06/2020  Жұма
Мекен жайы:
Павлодар қ., Кривенко к., 25 №730 каб.
+7 (7182) 30 12 95
otdkultpvl@yandex.kz

«Бірлігі жарасқан – біртұтас елміз» атты 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған онлайн ашық диктант жазу бойынша қалалық конкурстың мақсаты: мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Конкурсқа Павлодар қаласының және өзге де аймақтардың тұрғындары қатысты.

 

Конкурс 2020 жылғы 30 сәуір күні сағат 18.00-де тікелей онлайн режимде өтті. Конкурсқа қатысуға 30-дан астам адам ниет білдірді. Қатысушылар өзінің жеке компьютері, қалта телефоны, ноутбук, планшет арқылы онлайн режимде диктант жазды.

Конкурстың модераторы «Ана тілі» облыстық оқыту орталығының директоры Кинжикова Шолпан Духтурбайқызы болды.

Диктанттың қорытындысы бойынша декреттегі жас ана Хабдуллина Жібек Советбекқызы «Ана тілі ардағым» номинациясына, Ақсу қаласы Евгеньевка ауылының «Айгөлек» бөбектер бақшасының басшысы Елеусіз Айнұр «Тіл – білімнің кілті» номинациясына ие болды. Ал жүлделі орындар арасында Тереңкөл ауданы Береговой ауылы орта мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Сәдуова Алмира Серікқызы 3 орынға, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филормониясының менеджері Мұсатаева Айзада Нұрлыбекқызы 2 орынға, ПМПУ 1 курс студенті Муздафий Дінасыл 1 орынға ие болып жеңімпаз атанды.

                            

 

 

                         

 

                

 

 

   

Карта

Ауа райы