04/07/2020  Сенбі
Мекен жайы:
Павлодар қ., Кривенко к., 25 №730 каб.
+7 (7182) 30 12 95
otdkultpvl@yandex.kz

Қала әкімінің құрмет грамотасымен әндердің авторы және орындаушысы Нұрлан Есембаев, «үрмелі аспаптар оркестрі» ұжымының жетекшісі Павел Бакалкин марапатталды.

 

Қала әкімінің алғыс хаты табыс етілді:

- «Фантазия» үлгілі классикалық би ансамбліне - 40 жыл;

- үрмелі аспаптар оркестріне - 20 жыл;

- «Сәулетай» балалар вокалдық ансамбліне - 15 жыл;

- «Матрешки» үлгілі би ансамбліне - 10 жыл;

- Жетіген «Қорлан» ансамбліне - 5 жыл.

Павлодар облыстық мәслихатының алғыс хаты «Әл-Әки» халық фольклорлық ансамблінің әртісі Аманжол Жұмалинге берілді.

Павлодар қалалық мәслихатының алғыс хатымен «Жасмин» би ансамблінің жетекшісі Наталья Лукьянова, Орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы Айкен Жұмабекова және Естай ат. мәдениет сарайы басшысының орынбасары Людмила Трофимова марапатталды.

Сонымен қатар, Павлодар облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіподағының алғыс хаты «Әл-Әки» халықтық фольклорлық ансамблі ұжымының жетекшісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Жасқайрат Орынбаевқа берілді.

Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

     

 

     

 

     

 

    

 

Карта

Ауа райы