04/07/2020  Сенбі
Мекен жайы:
Павлодар қ., Кривенко к., 25 №730 каб.
+7 (7182) 30 12 95
otdkultpvl@yandex.kz

 

Қазақ тілінде кітап шығару ісінің 200 жылдан астам тарихы бар. Қазақ баспасының шежіресі 1800 жылы Қазан қаласында ашылған тұңғыш Азиялық баспаханадан бастау алады. 

Қазақ тiлiндегi ең алғашқы кiтап – 1807 жылы жарық көрген «Сейфүл – Мәлiк» қиссасы. Жалпы, 1917 жылға дейін қазақ тілінде жеті жүзге жуық кітап басылып шыққан екен.  Кеңес үкіметі кезінде баспа ісі мемлекет қамқорлығында болып, үлкен өзгерістерге ұшырады. 

Қазақстанда алғашқы кітап 1918 жылы басылған. Ұлттық негізде құрылған жаңа баспаның алғашқы өнімі – «Әліппе». Бұл – қазақ баспа ісінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасына негізделе отырып жасаған төте жазуы, қазіргі таңда Қытай қазақтары қолданатын жазу. Суретте 1926 жылы жарық көрген А.Байтұрсынұлы "Әліп-биі" таныстырылған.

Бүгінгі таңда Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының мәліметтері бойынша, елімізде 366 баспа мен кітап шығару ісімен айналысатын мекеме тіркелген.

Карта

Ауа райы